«Астрон» ЖШС

Алматы қаласы
Сүйінбай даңғылы, 43

+7(727)380-74-24
+7 777 228-91-07

zakaz@tabsalt.kz
skype:b_demetrius

Таблетка түріндегі тұз дегеніміз не

Таблетка түріндегі тұз (тұзды таблетка) – бұл йод пен калий ферроциониді (нығыздалып басылып қалғанға қарсы қосынды) қосылмаған, «Экстра» сұрыпты таблетка түрінде пресстелген қайнатылған тұз.

Таблетка түріндегі тұз технологиялық, техникалық және тұрмыстық қажеттіліктерге арналған суды жұмсарту және дайындау жүйелеріндегі ион алмастырғыш шайырларды регенерациялау (қалпына келтіру), ысыту элементтерін қақтан қорғау  үшін қолданылады.

 

Таблетка түріндегі тұзды пайдалану және суды жұмсарту үдерісі

Өндірісте немесе тұрмыстық секторда барлық жылыту жабдықтары, тұрмыстық техника, су өтетін құбырсымдар мен басқа жүйелер, қатайту тұздарының әсер етуінен қорғалуы тиіс, себебі олар құбырлардың ішкі қабырғаларына карбонатты қалдықтарды түзеді және «қақтар» пайда болады.

Сол үшін суды жұмсарту керек. Суды жұмсарту деп судағы қатайту катиондарын, яғни кальций (Са2+) мен магнийді (Mg2+) жою үдерісін айтады.

Суды жұмсартудың неғұрлым тиімді жүйелері – қатты қышқылды катион алмастырғыш шайырлармен толтырылған бір немесе бірнеше қазандықты ион алмастырғыштар.

Суды жұмсарту, суды кальций  (Са2+)  мен магний (Mg2+) (судың қатаңдығын сипаттайтын) иондарын натрий (Na+) иондарына алмастыру жолымен катион алмастырғыш шайыр қабаттарынан өткізгенде сүзгіш-жұмсартқышта жүргізіледі.

Алайда, біраз уақыттан кейін кальций  (Са2+)  мен магний (Mg2+) иондарына толған ион алмастырғыш шайыр, суды жұмсарту қасиетін жоғалта отырып, өзінің натрийлік қорын (Na+) тауысады.

Оның қасиетін қалпына келтіру үшін регенерация жүргізу керек, атап айтқанда – шайыр арқылы бөлек ыдыста таблетка түріндегі тұзды (NaCl) біртіндеп еріту жолымен дайындалған тұзды ерітіндіні өткізеді.

Регенерация үдерісінде ион алмастырғыш шайыр тұзды ерітіндіге кальций  (Са2+)  мен магний (Mg2+) иондарын береді және одан натрий иондарын (Na+) алады. Одан кейін құрамында қатайту тұзы көп су кәрізге төгіледі, ал қасиеттері қалпына келтірілген шайыр қайтадан жұмысқа дайын болады.

 

Таблетка түрінде жасалған тұзды пайдаланудың қарапайым төкпе тұзды пайдаланудан артықшылығы

1. Құрамында  NaCl (99,8% артық) жоғары болуы.

2. Тұз таблеткаларын бірдей еріту (еру тиімділігі) қосымша араластырусыз, қол еңбексіз және ион алмастыру үдерісіне басқалай араласусыз қанық ерітіндіні алуды қамтамасыз етеді. Таблеткалар арасында су еркін циркуляцияланады.

3. Тұз таблеткалары қарапайым төкпе тұзға қарағанда тас болып қатпайды және тығыздалып қалмайды, тұз ерітетін-бакта тегіс қатты масса мен ерітмеген қалдықтар түзілмейді, ол кәсіпорында орнатылған жабдықтың тұрпатына қарай, тұздың 30% пайдаланылуын үнемдеуді қамтамасыз етеді.

4. Технологтарға тұздық суда еру кезеңдерін бақылау оңайға түседі, себебі таблеткаланған тұз (төкпе тұзға қарағанда) әрдайым қатаңдығы бірдей суда бір жылдамдықта  ериді.

5. Суды жұмсарту жүйелерінің автоматикасы регенерациялау үдерісінің барлық уақытында тұз ерітінідісінің 100% қанығуына есептелген, оған тек таблеткаланған тұзды қолданғанда ғана кепілдік беріледі. Қарапайым төкпе тұзы пайдаланғанда, максималды қанық тұзды ерітіндіні алуға бірақ уақыттың кетуіне байланысты қиындықтар туындайды. Тұз еріткіш бакта NaCl  жеткіліксіз концентрациясы толық емес регенерациялауға әкеледі.

6. Таблеткаланған тұздың құрамында зиянды ерімейтін немесе микробиологиялық қоспалар болмайды.  Тұзды таблеткалардың «еру тиімділігінің» арқасында тұз еріткіш бакта, жабдықты істен шығаратын ерімейтін қалдықтар түзілмейді.

7. Салмағы 25 кг-дық полипропилен қаптар тұзды ылғал тартудан, бөгде қоспалардың қосылып кетуінен сенімді қорғайды.  Олардың салмағы қызмет көрсететін жұмыскерлер үшін оңтайлы және олардан 50 кг салмақпен салынатын қаптағы төкпе тұздарды тасығындағыға қарағанда көп күш түсіруді керек етпейді.

 

"Универсальная" таблеткаланған тұзы

"Астрон" ЖШС ТМД мен Шығыс Еуропа аумағындағы ең ірі экстра қайнатылған таблеткаланған тұзды өндіруші «Музырьсоль» ААҚ  Қазақстан Республикасындағы ресми дилері болып табылады. Біздің компания ұсынатын "Универсальная" экстра қайнатылған таблеткаланған тұздағы хлорлы натрийдің (NaCl) құрамы тұрақты түрде 99,8% артады, ол сапаға қойылатын ең қатал алаптарға сай келеді.

 

Химиялық көрсеткіштер
"Универсальная"
Таблетка түрінде жасалған экстра қайнатылған тұз


ГОСТ Р 51574-2003 ҚР СТ

Көрсеткіштің атауы ГОСТ Мозырьсоль
Хлорлы натрийдің массалық үлесі, %, кем емес 99,5 99,8
Кальций ионының массалық үлесі, %, артық емес 0,02 0,004
Магний ионының массалық үлесі, %, артық емес 0,01 0,002
Ион сульфатының массалық үлесі, %, артық емес 0,20 0,09
Суда ерімейтін заттардың массалық үлесі, %, артық емес 0,03 0,004


Органолептикалық көрсеткіштер
"Универсальная"
Таблетка түрінде жасалған экстра қайнатылған тұз


ГОСТ Р 51574-2003 ҚР СТ

Көрсеткіштің атауы Таблетка түрінде жасалған тұздың сипаттамасы
Сыртқы түрі Әр түрлі көлемдегі таблетка қалпындағы ақ гигроскопиялық кристаллдар
Таблетка массасы, г Диаметрі, мм Биіктігі, мм
11-12 25 - 26 14,5 - 15
Түсі Ақ
Иісі Бөгде иісі жоқ
 

Таблетка түрінде жасалған тұзды жеткізу

"Астрон" ЖШС, таблетка түрінде жасалған тұзды Қазақстанның 14 облысына: Алматы, Астана, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Арқалық, Балқаш, Байқоңыр, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Петропавловск, Павлодар, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларына, Өзбекстанға және Қырғызстанға таратады.

Таблетка түрінде жасалған тұзды Қазақстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның кез келген аймағына кез келген көлемде  жеткізу автомобиль және темір жол көліктерімен жүзеге асырылады. Өнімге қажетті барлық жүк қағаздар құжаттары, сәйкестік сертификаты мен сапа төлқұжаты ұсынылады.

Тапсырыстың минималды партиясы - 25 кг

Сайт ТОО"Астрон" Официальный сайт ТОО"Астрон"

Copyright © ТОО "АСТРОН" 2011-2012 | All Rights Reserved | admin@astron.kz
CountZero